Қазақстан дзюдодан тағы бір жүлде алды: Эсмигүл Куюлова қола жүлдегер атанды

Жарияланды 1 Қазан 2026 13:53

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: Olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Аичи–Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

63 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Куюлова шешуші белдесуде қарсыласынан басым түсіп, Қазақстан қоржынына тағы бір медаль салды.

Куюлова бүгінгі жарыста жартылай финалға дейін жеткен еді. Финал жолдамасы үшін өткен белдесуде Жапония өкіліне есе жіберіп, қола медаль үшін белдесетін болды.

Шешуші кездесуде Эсмигүл өзбекстандық дзюдошыдан басым түсіп, Азия ойындарының қола жүлдесін еншіледі.

Осылайша Қазақстан дзюдо құрамасы Аичи–Нагоядағы жүлделер санын арттырды. Бұған дейін жарыстың алғашқы күнінде Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова күміс жүлде иеленген еді.

Бүгін Қазақстан құрамасынан Әділет Алмат (81 кг) пен Ажар Асхат (70 кг) Азия ойындарының алтын медалі үшін финалда белдеседі.

Сондай-ақ оқыңыз