Қайрат Нұртастың концертіне байланысты Алматыда бір метро станциясы жабылады

Жарияланды 4 Қазан 2026 15:23

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
фото: Instagram

Алматыда метро станцияларының бірі – «Байқоңыр» станциясы уақытша жабылады, деп хабарлайды Kursiv.Media.      

Метрополитен ақпаратына қарағанда, 4 қазанда, сағат 20:30-дан 22:00-ге дейін кіріп-шығу уақытша жабылады.

4 қазан күні кешке Алматы метросы күшейтілген режимде жұмыс істейді. Алматы метрополитенінің мәліметінше, мұндай шара Орталық стадионда өтетін концертке байланысты қабылданды.

«20:30-22:00 аралығында «Байқоңыр» станциясына кіру және шығу уақытша жабылады. Пойыздар станцияда тоқтамайды. 22:00-ден кейін метро жұмысы аяқталғанға дейін станция ашық болады. Жолаушылардан бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген ақпаратта.

Бүгін, 4 қазан күні Орталық стадионда Қайрат Нұртастың шығармашылық қызметінің 20 жылдығына арналған «Сахнада 20 жыл» атты мерейтойлық концерті өтеді. Концерт сағат 19:00-де басталады.

Айта кететін жайт, Қайрат Нұртас концертінен түскен ақшаға қаза болған сарбаздардың аналарына көмек көрсетпек.

Сондай-ақ оқыңыз