Алтын алған Тамирлан Тілеулесті қазақстандық әуекомпания ерекше құттықтады (видео)

Жарияланды 6 Қазан 2026 10:45

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Таевондист Тамирлан Тлеулес стал чемпионом Азиады-2026 в весе до 58 кг. Батырхан Толеугали завоевал бронзу в категории до 80 кг.
Тамирлан Тілеулес елге оралды/фото: Olympic.kz

Аичи–Нагояда өткен ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанған таеквондошы Тамирлан Тілеулесті қазақстандық әуекомпания ұшақ ішінде құттықтады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Азия ойындарының чемпионы Тамирлан Тілеулесті шын жүректен құттықтаймыз. Жеңіс көп болсын! Қазақстан сіздермен мақтанады», – деген ұшқыш әуеде ұшып бара жатқан кезде. 

Видео авторы «Air Astana Азия чемпионын 11 мың метр биіктікте құттықтады» деп жазды.

Тамирлан Қазақстан таеквондосының Азия ойындары тарихындағы алғашқы алтын медалін жеңіп алды. 

58 келіге дейінгі салмақтың финалында Тілеулес Филиппин өкілі Курт Брайан Барбосамен кездесті.

Шешуші жекпе-жектің алғашқы кезеңі тартысты өтіп, қазақстандық спортшы 16:14 есебімен жеңіске жетті. Екінші кезеңде Тамирлан қарсыласына мүмкіндік бермей, 15:2 есебімен айқын басым түсті.

Сондай-ақ оқыңыз