Ерке Есмаханның ағасы халықтан сүйінші сұрады 

Жарияланды 7 Қазан 2026 17:49

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Бауыржан Есмахан ата атанды/ Screenshot

Ерке Есмаханның ағасы Бауыржан Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол әулетіне немере келгенін айтып, ата-әже атанғанын жеткізді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Бауыржан Есмахан жазбасында анасы немерелерінің қызығын көріп, қолынан май жеп отыруын тілегенін, бұл қуанышты анасының ақ батасынан келген сый деп қабылдайтынын атап өткен.

Сондай-ақ ол немересінің дүниеге келген күні бозбала кезден бірге келе жатқан досы әрі құдасы Бердияр қажының туған күнімен тұспа-тұс келгенін ерекше сәйкестік деп жазды.

«Дінмұхаммед, Айшабибі, әке-ана болдыңдар, құтты болсын, береке дарысын» деп жас ата-ананы құттықтаған Бауыржан Есмахан сәбиге бақытты ғұмыр тіледі.

«Бұл әдемі кітаптың кіріспе парақшасы. Парақтары көп, жазатын сендер. Іші бақытқа, шаттыққа, Алланың сыйына толы болсын», – деп жүрекжарды тілегін білдірді.

Бауыржан Есмахан танымал теолог, Ақтөбе қаласында тұрады.

Сондай-ақ оқыңыз