
Дариға Бадықова мен Олжас Абай шаңырақ көтеріп, дүркіретіп үйлену тойларын жасады, деп хабарлайды Kursiv.LifeStyle.
Қуанышты жаңалықты желіде тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бөлісті.
«Олжас пен Дариғаның бөпесінің қырқынан шыққанына бір ай толды. Кино әлемі бір бөлек, ал өмірде Олжас пен Дариға — біздің @mariyam_fund_kz қорының демеушілері. Олар қолдау көрсеткен оралдық жұп бірнеше жыл бойы ата-ана болуды армандап, талай қиындықты бастан өткерген. Бірнеше сәтсіз ЭКО әрекетінен кейін, қорымыздың қолдауымен армандарына жетіп, бүгінде ата-ана атанып, бақытқа кенеліп отыр. Біреудің қолдауы — бір отбасының өмірін өзгертіп, үлкен арманын ақиқатқа айналдыруы мүмкін», – деп жазды Сұлтанқызы.
Тележүргізушінің желідегі жазбасына қолданушылар пікір білдіріп, жұпқа бақыт тілеуде.
Тойдан тараған бейнежазбаларға сүйенсек, жұптың қуанышын бөлісуге продюсер Гүлнұр Мамасарипова, актриса Нұргүл Мыңғатова, әнші Жазира Байырбекова, Гүлнұр Оразымбетова мен Ақбота Керімбекова сынды өнер жұлдыздары келген.
Айта кетейік, осыған дейін Дариға Бадықова мен Олжас Абай шаңырақ көтергендері туралы жазған едік.