
Қазақстандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Оралда туған күнін дүркіретіп өткізді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Бұл туралы әзілкештің әйелі Айман Талғатқызы хабарлады. Ол кештің әдемі сәттерінен бейнежазбалар жариялады. Туған күнге бірқатар қазақстандық өнер жұлдыздары арнайы келген.
«47 жасқа толып жатыр. Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар. Әр жас өзінің қуанышымен, қиыншылығымен келеді. Ешқандай қиыншылыққа мойымай, үлкен жауапкершілікті алып, ел алдында ешқандай сөзге дес бермей, өзінің азаматтығын қатар көтеріп келе жатқан Тұрсынбекті құттықтап жатқандарыңызға рахмет», – деді Айман Талғатқызы.
Оның айтуынша, Тұрсынбек Қабатов осы жасына орай, үлкен концерттік тур өткізуді де жоспарлап отыр.
Айман мұның алдында неліктен бренд киім кимейтінін түсіндірген болатын.