P. Diddy басынан жарақат алып, түрмеден ауруханаға жеткізілген

Жарияланды 13 Қазан 2026 09:51

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
Соңғы аптада рэпердің түрмедегі тәртібі бұзылған/ Shutterstock

Америкалық рэпер P. Diddy басынан жарақат алып, түрмеден ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kursiv.media.  

TMZ хабарлағандай, жедел жәрдем 10 қазанға қараған түні АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Форт-Дикс федералдық түзеу мекемесіне шақырылған.

Шон Комбсты жақын маңдағы ауруханаға жеткізген болуы мүмкін. Алайда оның қалай жарақат алғаны әзірге белгісіз. Таң атқанға дейін рэпер түрмеге қайта оралған.

Соңғы апталарда Комбс түрмедегі оқиғаларға байланысты бірнеше рет БАҚ назарында болды. Ол ұялы телефон пайдаланып, алкоголь ішкені үшін карцерге қамалған. Сонымен қатар шілде айында 56 жастағы рэпер басқа тұтқынмен төбелескені белгілі болған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, БАҚ-та оның түрмеде ерекше жағдайларда отырғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін P. Diddy жеке камераға ауыстырылған.

2024 жылы қамауға алынған Комбс 2025 жылы адамдарды жезөкшелікпен айналысу мақсатында тасымалдаудың екі эпизоды бойынша 50 айға бас бостандығынан айырылған. АҚШ прокурорлары P.Diddy-ді кемі 11 жылға соттауды сұрады. Ал алқабилер оны рэкет және адамдарды жыныстық қанау мақсатында саудалау жөніндегі неғұрлым ауыр айыптар бойынша ақтаған. Рэпер түрмеден 2028 жылғы 21 қаңтарда босатылуы керек.

Сондай-ақ оқыңыз