
Құрылтай депутаттары бастамашы болған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы үшінші оқылымда қабылданды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Түзетулер мемлекет басшысының Құрылтайдың бірінші шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіру жөнінде берген тапсырмасы аясында әзірленген.
Заңға сәйкес, отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтарға берілетін «Шәмші Қалдаяқов» медалі тағайындалады.
Сонымен қатар бейнелеу өнеріндегі үздік туындылары және Қазақстанның көркем мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін қайраткерлерге «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы беріледі.
Тағы да оқыңыз: «Шәмші Қалдаяқов» медалі кімдерге беріледі