Көлсайда Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюы камераға түсіп қалды (видео)

Жарияланды 15 Қазан 2026 09:09

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: видеодан скрин

Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы бейнекамераға түсіп қалды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Сирек кездесетін жануарды ұлттық парк мамандары аумақты барлау жұмыстары кезінде байқап, видеоға түсірген.

Тянь-Шань қоңыр аюы – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, қорғауға алынған жануарлардың бірі. Ұлттық парк мамандарының айтуынша, аюдың табиғи мекенінде тіркелуі өңірдегі биоалуантүрлілікті бақылау үшін маңызды.

«Біз үшін бұл – таңғажайып кездесу. Ал аю үшін өз мекеніндегі қалыпты тіршілік», – делінген ұлттық парктің хабарламасында.

Тянь-Шань қоңыр аюы негізінен таулы және орманды аймақтарды мекендейді. Оның табиғи ортада камераға түсуі сирек кездесетін жануарлардың тіршілігін бақылауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Алматы облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі. Парк аумағында Көлсай және Қайыңды көлдері орналасқан. Мұнда сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің бірқатар түрі қорғауға алынған.

Бұған дейін, Жоңғар Алатауын мекендеген қоңыр аю тауға шыққан туристердің алдынан шыққан еді.

Сондай-ақ оқыңыз