Mattel компаниясы Селин Дионның бейнесіндегі Barbie қуыршағын шығарды

Жарияланды 16 Қазан 2026 12:59

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General news бөлімінің аға журналисі a.serikkhan@kursiv.media
Фото: creations.mattel.com

Америкалық Mattel компаниясы канадалық әнші Селин Дионның бейнесіндегі Barbie қуыршағын шығарды. Шектеулі тиражбен сатылатын ойыншықтың бағасы – 60 доллар, яғни 27 мың теңге шамасында.

Компанияның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, қуыршақ әншінің «Титаник» фильмінің саундтрегі болған My Heart Will Go On әнін орындаған кездегі бейнесіне негізделген.

Фото: creations.mattel.com

Қуыршақтың ерекше бөлшектерінің бірі – жүрек пішініндегі көк тасы бар «Мұхит жүрегі» алқасының шағын көшірмесі. Бұл әшекей «Титаник» фильміндегі әйгілі алқаны еске салады.

Фото: creations.mattel.com

Қуыршақ өздігінен тік тұра алмайды, сондықтан жиынтыққа арнайы тұғыр да кіреді.

Айта кетейік, 12 қыркүйекте 58 жастағы Селин Дион алты жылға жуық үзілістен кейін жеке концертін өткізіп, үлкен сахнаға қайта оралды. Әнші сирек кездесетін неврологиялық дертке – бұлшықеттің сіресу синдромына (SPS) байланысты ұзақ уақыт өнер көрсете алмады. Бұл ауру кезінде адамның бұлшықеттері қатайып, қатты ауырсыну болады.

Тағы да оқыңыз: Ерке Есмахан Селин Дионды сынағандарды блоктап тастады.

Сондай-ақ оқыңыз