Елде АИТВ инфекциясын жұқтырған 36 мың адам есепте тұр

Жарияланды 19 Қазан 2026 16:32

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
ВИЧ жұқтырған 6 мың адам диспансерлік есепте тұр/ Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Қазақстанда АИТВ инфекциясымен өмір сүретін шамамен 36 мың адам диспансерлік есепте тұр. Ал жүкті әйелдердің шамамен 96%-ы инфекцияның анадан балаға берілуінің алдын алу шараларымен қамтылған, деп хабарлайды Kursiv.media.

Алматыда өткен «АИТВ: кеше, бүгін, ертең» атты халықаралық конференцияда инфекцияның алдын алу, ерте диагностикалау және емге қолжетімділік мәселелері талқыланды.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнара Сәрсенбаеваның айтуынша, медициналық көмектің барлық кезеңінде қолжетімділікті қамтамасыз ету маңызды.

«Біздің міндетіміз уақытылы диагностикадан бастап, пациенттерді медициналық көмектің барлық кезеңінде қамтамасыз ету», – деді ол.

Конференцияда мамандар АИТВ-ға тестілеудің қолжетімділігін арттыру, инфекцияны кеш анықтау жағдайларын азайту және алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен мамандандырылған орталықтардың өзара байланысын күшейту жолдарын қарастырды.

АИТВ-ға тестілеу мен қажетті медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында көрсетіледі. Антиретровирустық терапия инфекцияның дамуын бақылауға және пациенттердің өмір сүру сапасын сақтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ инфекцияның анадан балаға берілуінің алдын алу мәселесі талқыланды. АИТВ анықталған жүкті әйелдерге қажетті ем тағайындалып, медициналық бақылау жүргізіледі.

АИТВ-мен күреске бөлінетін халықаралық қаржының қысқаруы әлемде індеттің қайта күшею қаупін арттыруы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз