Санкт-Петерборда бес адамнан маймыл шешегі анықталды

Жарияланды 20 Қазан 2026 10:34

Аягөз Құрмаш

Аягөз Құрмаш

a.kurmasheva@kursiv.media
апаттан зардап шеккен
Петерборда маймыл шешегі бес адамнан шықты / Фото: Shutterstock

Санкт-Петербор қаласында ауруханаға жатқызылған бес науқастан маймыл шешегі расталды, деп жазады Kursiv.Media.

«Барлық науқастың жағдайы тұрақты. Ауру жеңіл және орташа деңгейде өтіп жатыр», – деді Боткин атындағы аурухананың өкілі. 

Бұған дейін маймыл шешегін жұқтыруы мүмкін адаммен байланыста болған бес адамның Мәскеу облысындағы Раменск ауруханасына жеткізілгені хабарланған еді.

Кейін Санкт-Петерборда инфекцияға күдікпен тағы бес адам ауруханаға жатқызылды. Маймыл шешегі сирек кездесетін жұқпалы ауру. Ол көбіне Орталық және Батыс Африканың шалғай аймақтарында таралған.

Бұған дейін Мәскеу облысындағы Раменское ауруханасына маймыл шешегін жұқтырған болуы мүмкін адаммен байланыста болған бес адам жатқызылғаны хабарланған. Осыған дейін Санкт-Петерборда маймыл шешегін жұқтырды деген күдікпен бес адам ауруханаға жатқызылғанын жазған едік. 

Сондай-ақ оқыңыз