Айгүл Иманбаева жастарға қалай төбелесуді үйретті

Жарияланды 28 Қазан 2026 17:25

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
Айгүл Иманбаева / фото: Instagram
Айгүл Иманбаева / фото: Instagram

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева жас актерларға сахнада төбелесу әдістерін үйретті, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Актриса жасөспірімдерге актерлік шеберліктен сабақ беріп жатқан бейнежазбасын жариялады.

Айгүл Иманбаева актерлердің төбелесі кезінде сахналық қимылдарды, эмоцияны шынайы жеткізу тәсілдерін көрсетті. Шапалақты дыбысын пайдаланып, соққы көрінісін қалай ойнау керектігін үйретті.

«Шапалақтың тиюін ойнатасың. Бірақ техникалық тұрғыдан менің қолым саған тимейді. Серіктесіңді сезіну маңызды. Сенің абайсызда ұратыныңды көрермен білмеуі керек», – деді Айгүл Иманбаева.

Оқырмандар актерлердің шеберлігіне қайран қалып, таңданысын білдіріп жатыр.

Мұның алдында Айгүл Иманбаева әлемді бағындыратын потенциалға қол жеткізуге болатынын жеткізген еді.

Сондай-ақ оқыңыз