
Актриса Дариға Бадықова намысына тиген адамдарды аямайтынын айтып, қатаң ескерту жасады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Сөзіне қарағанда, ол өзін қорғау үшін батыл қадамға баруға дайын.
«Менің парақшама кіріп, өз өмірлеріңе көңілдерің толмаса, уын шашпаңдар! Бүгін біреудің өмірін табалап, ертең өз бастарыңа не келетінін білмейсіңдер. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңның ертеңгі тағдыры қандай боларын да білмейсіңдер. Ешкім баласының болашағына, денсаулығына, бақытына кепілдік бере алмайды. Сондықтан өзгенің тағдырын талқыламас бұрын, осыны бір ойланыңдар! Біреудің бүгінін мазақ етіп, өз ертеңдеріңе тым сенімді болмаңдар!», – деп жазды Дариға Бадықова.
Актрисаның пікірінше, жұбайы екеуі біреудің өмірін аңдымай, өз өмірлерін сүріп жүр. Хейтерлерді де солай жасауға шақырды.
«Біреуді күндеудің орнына өздеріңді дамытыңдар! Менің үндемегенімді әлсіздікке, тәрбиемді қорқақтыққа баламаңдар. Үндемегенге үдемеңдер. Әр нәрсенің шегі бар! Ұнамай ма? Қарама! Жақпай ма? Жазылма! Көргің келмей ме? Парақшама кірме! Мен ешкімді өз өмірімді көруге мәжбүрлеп отырған жоқпын», – деп ашуланды Дариға Бадықова.
Айта кететін жайт, жаңа шаңырақ көтерген Дариға Бадықова мен Олжас Абай бал айын Қатарда өткізіп жатыр. Жас жұбайлар Доха қаласындағы Ritz-Carlton қонақүйін таңдаған.