
Қазақстандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа бір ақсақал концерт үстінде бата берді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Бұл қызық көріністің бейнежазбасын әзілкештің жұбайы Айман Талғатқызы жеке парақшасында жариялады.
Ақсақал концерт сахнасына шығып, Тұрсын Қабатовқа қолын жайып, ұзын-сонар бата берген.
«Жаманшылыққа баспасын, жақсылыққа бастасын. Мал иесі – Мұхаммед, жан иесі – Хазірет, Еткен ниет қабыл ет, шалқар көлдей көп болсын – Қымыз бенен айраның, Атағың мен атыңнан, жұртқа тисін қайраның. Айдағысыз малды бол, отыз ұлды орда бол, Патшадай ұлды бол! Таба алмастан малды бол!» – деп термелей жөнелді қария.
Тұрсынбек Қабатов та қолын жайып, ақсақалдың әрбір сөзіне бас шұлғып, ішінен «әумин» деп тұрды.
Айман Талғатқызы да ақсақалдың берген батасына ризашылық білдіріп, «Жаным, ата-ау» деп бір ауыз жылы лебізін білдірген.
Айта кететін жайт, Тұрсынбек Қабатов 47 жасқа толуына орай, үлкен концерттік тур өткізіп жатыр.