
Танымал блогер Ерсін Есенаман мешітте некесін қиып, шаңырақ көтергенін айтып, сүйінші сұрады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Жас жұбайлар Астанадағы мешіт алдында тұрып, жасыл түсті мұсылман неке куәлігін көрсетті.
«Бұлар неге күле береді деп ойламаңыздар. Қуаныштың күлкісі. Мінекей, жап-жасыл кітапша», – деді Ерсін Есенаман.
Блогердің айтуынша, неке қияр алдында имам қалыңдығы Ләззаттан махрға не қалайтынын сұраған.
«Ләззат не сұрады деп ойлайсыздар? Бұзаулы сиыр! Имамның өзі: «Сіздер Астанада тұрасыздар, сиырды қайтесіздер» деп таңырқады. Демек, жер алып, мал бағамыз. Көбейтеміз!», – деді Ерсін Есенаман.
Айта кететін жайт, блогер әрі тиктокер Ерсін Есенаман Abylaikhan Omirbay YouTube арнасына берген сұхбатында өміріндегі күрделі кезеңдер туралы ашық айтты.