
Қазақ аруы-2026 байқауын тікелей эфирде көріп, 22 қатысушының бірін таңдап, дауыс беруге болады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қазақ аруы байқауында дауыс беру үшін осы сілтемеге кіріп, Google формаға өтіңіз, өзіңіз таңдаған қатысушыны белгілеу қажет. Тағы бір тәсіл байқаудың әлеуметтік желілерінде QR-кодты тауып, код арқылы Google формаға өтіп, дауыс беру.
Ескерте кетейік, дауыс беру үшін өзіңіздің Google аккаунтыңызға кіру қажет. Бір аккаунттан дауысты тек бір рет қана беруге болады. Google аккаунтқа кірмеген жағдайда дауыс есепке алынбайды.
Айта кетейік, байқауды тікелей эфирде орталықтың Youtube арнасынан көруге болады.
Биыл байқауға елдің әр өңірінен жалпы саны 22 бойжеткен қатысады. Бүгін олардың бірі тікелей дауыс беру нәтижесінде «Қазақ аруы» тәжін киеді. Қатысушылардың реттік нөмірін төмендегі байқаудың ресми парақшасынан көре аласыз.
Тағы оқыңыз: 4 тіл білетін Албанның қызы: «Қазақ аруы – 2026» атанған Асылым туралы не белгілі