Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Өнербаевты мерейтойымен құттықтады

Жарияланды 4 Қараша 2026 22:21

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Өнербаевты мерейтойымен құттықтады / Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаевты 65 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, президенттің құттықтау хатын Астанада өткен кездесу барысында Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев табыс етті.

Президент құттықтауында өнер иесінің отандық мәдениет пен өнерді дамытуға, еліміздің музыкалық мұрасын сақтау мен дәріптеуге қосқан елеулі үлесін атап өтті.

«Өзіндік үніңіз бен орындаушылық мәнеріңіз талғампаз тыңдарманның ыстық ықыласына бөленді. Дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, халық әндерін, сондай-ақ, белгілі композиторлардың үздік шығармаларын кеңінен насихаттауға зор үлес қосып келесіз. Ізденіске толы шығармашылық жолыңыз жемісті болып, талантты шәкірттер тәрбиеледіңіз», – делінген хат мәтінінде.

Тоқаев Нұрлан Өнербаевқа берік денсаулық, отбасына амандық және елдің рухани-мәдени мұрасын сақтау мен байыту жолындағы ісіне табыс тіледі.

Сондай-ақ оқыңыз