
Қазақ аруы – 2026 байқауында жеңімпаз атанған Асылым Өтепбергенге желіде хейт қарша жауып жатыр, деп жазады Kursiv.Media.
Қолданушылар «байқау әділ өтпеді», «Асылым, өзіне аяушылық сезімін тудырғанның арқасында ұтты», «байқау сатылған» деген сарындағы пікірлерді көптеп жазуда.

Әсіресе жеңімпазды хабарлау кезінде таспаланған сәт қатты талқы тудырды. Жүргізушілер жеңімпаздың есімін жариялағалы жатқанда Асылым көз жасына ерік береді. Мұны көпшілік өзінің есімі аталатынын білгендіктен осылай эмоция танытты деп топшылап жатыр.
View on Threads
Кей тарап Асылым әкесінің жоқтығын пайдаланғанын, манипуляция жасағанын айтады. Олардың байламынша, Асылым желіде фейк аккаунтпен өзіне әкесінің жоқтығы туралы кемсітетін коммент қалдыруды ұйымдастырған, соған жауап ретінде әкесіз өскенін айтатын видео шығарып, көптің аяушылығын туғызған-мыс.
Ендігі бір тарап жеңіс Асылымдікі емес, блогерлердікі деп жатыр. Сөздерінше, ол өзін блогерлер мен әншілерге жарнамалатып, дауыс сұратқан. Таргеттік жарнамаға қыруар қаржы жұмсаған. Алайда мұндай тәсіл тыйым салынбағанын, мұны өзге де қатысушылар жасаймын десе ешкім қой демегінін айтып, Асылымның пысықтығын атап өтіп жатқандар да табылады.

Енді біреулер Асылым бай жердің қызы болғанымен өзін ауылда тұрған қарапайым қыз етіп өтірік көрсетті деген пікірде.
Байқауда Асылымға «ЖИ-дің дамуы сені қорқытпай ма» деген жалпылама сұрақ қойылды, кей қыздарға «Таяу Шығыстағы текетірестің артында кімнің мүддесі тұр» деген күрделі сауал қойды деп, ұйымдастырушылардан күдіктеніп жатқандар да кездеседі.
Десе де, Баян Алагөзова сатылатын адам емес, байқау әділ өтті деп жатқандар да жетеді.
Бұған дейін, Асылым Өтепберген бала кезінен өнерге, тігіншілікке жақын болғанын, байқауға тыңғылықты дайындалып, өзін байсалды ұстағанын жазғанбыз.
Оқи отырыңыз: Таяу Шығыстағы қақтығыс, есеппен неке құру: «Қазақ аруындағы» сұрақтар сынға қалды