Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі TADDS брендімен жеке тігін өндірісін ашты

Жарияланды 5 Қараша 2026 10:17

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
Фото: instagram.com/t_a_d_d_s_

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы TADDS брендімен әйелдерге арналған екілік тігіп жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ол өнімдерді «TADDS-тің жеке тігін өндірісі» деп көрсеткен. Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде t_a_d_d_s никнеймімен белсенді.

Өнімдерінің, яғни екіліктердің премиум сапада екеніне кепілдік беріп отыр. Кейбір киім үлгілерінің жеңінде үкі тағылған. Қауырсындар 8 қабаттан тұрады. Қаласаңыз, алып тастауға да болады екен. Бағасы 35 теңге деп көрсетілген.

Күнделікті әйелдер киімі десек те, өте сәнді. Үйге де, көшеге де, тіпті, шағын бас қосу кештеріне де киіп баруға да болады. Екіліктер бір түсті. Талғамыңызға қарай, қалаған түсіңізді таба аласыз.

«Тазалықпен, махаббатпен, ұқыптылықпен, сапамен арнайы тігілген екеулік», – деп жазды Айман Талғатқызы.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өнімін жарнамалау үшін модель жалдап әуре болмаған. Өз өнімін өзі киіп көрсетіп, әйелдердің қолдауына ие болып жатыр.

Айман Талғатқызы мұның алдында бахурды қалай таңдау керек екенін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз