
Ләйлә Сұлтанқызы жары Қайрат Беркімбаевты еске алып, төрт жыл бойы онымен ойша сөйлесіп келе жатқанын айтты, деп жазады Kursiv.Media.
Оны сағынышпен еске алып, үнемі дұғасына қосып жүретін жақындарының бар екеніне шүкіршілік етті.
«Қарашаның ызғары… Қайрекеңнің бақилық болғанына бүгін төрт жыл… Өзіңсіз төрт күз, үш қыс, төрт көктем өтті. Бірақ сен кеткен қарашаның ызғары бәрібір жүрегімізден кеткен жоқ… Уақыт емдемейді екен. Тек сағынышпен өмір сүруді үйретеді. Оңай емес… Қатты қиналған сәттерде ешкімге көрсетпей, кейде оңаша жылап аламын. Шыным», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Айтуынша, танымал тележүргізуші әлі күнге дейін жарымен ойша сөйлесіп, сырласады екен.
«Қайреке, Сағадат пен Сардар өсіп келеді. Жиен немерең Таймас өмірге келді. Үлкен немерең Ажар шетелде білім алып жүр. Ағайын-туыс аман. Сені сағынышпен еске алып, үнемі дұғасына қосып жүретін жақындарың бар. Соның бәріне шүкіршілік етемін. Жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын! Алла алдынан жарылқасын», – деп тілек айтты Ләйлә Сұлтанқызы.
Мұның алдында тележүргізуші Шымкентте неге жүкті болып келген келінге қуанады деген пікірге қатысты ойын білдірген еді.