Алматы Jerry жобасын іске қосу арқылы Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын нығайтты

Жарияланды
Фото: Citix

Алматыда цифрлық көмекшінің жаңа форматы – жаяу жүргіншілерге арналған Jerry смартбордтар желісі іске қосылды. Оның ерекшелігі неде және бұл жоба қаланың смарт-сити орталығы ретіндегі мәртебесін қалай нығайтатынын бірге зерделеп көрейік.

Қараша айының басында Алматының жаяу жүргіншілер көшелерінде ақылды қалалық көмекші – Jerry пайда болды. Ол бағыт көрсету, қаланың гиді, іс-шаралар афишасы, ауа сапасы туралы мәліметтер мен шұғыл байланыс қызметтерін бір жерге біріктіреді.

Алғашқы кезеңде 31 смартборд іске қосылды. Жақын арада тағы 4 құрылғы жұмыс істей бастайды. Оларды Панфилов көшесінен, Республика сарайының маңынан, 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағынан, Теренқұр бойынан және жағалаулардан кездестіруге болады.

Jerry қызметін тегін, тіркелмей-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде пайдалануға болады. CITIX компаниясы бұл жобасы Visit Almaty ұйымымен бірлесіп жүзеге асырды.

Дегенмен, бұл – жеке өнімді іске қосудан әлдеқайда ауқымды бастама. Jerry жобасы Алматының Орталық Азиядағы смарт-сити орталығы ретіндегі орнын нығайтады: заманауи технологиялар қала көшелерінде тұрғындар мен қонақтарға тікелей қызмет көрсете бастады.

Неліктен Алматы таңдалды?

Қаланы таңдаудың өзіндік мәні бар. Алматы еліміздегі цифрландыру деңгейі ең жоғары қалалардың бірі саналады: мұнда мемлекеттік қызметтердің 96 пайыздан астамы онлайн көрсетіледі, ал ThoughtLab зерттеу компаниясының дерегінше, цифрлық трансформацияға дайындық деңгейі бойынша Азиядағы үздік он мегаполистің қатарына кіреді.

Алматыда Smart City тұжырымдамасын дамытуға арналған жеке стратегия да бар. Ал Jerry жобасының іске қосылуы Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылымен тұспа-тұс келді.

Қаланың тағы бір маңызды даму бағыты – туризм. 2025 жылы Алматыға шамамен 2,5 миллион турист келген. Олардың 754 мыңы – шетелдік қонақтар. Туристер саны көбейген сайын қаламен танысудың цифрлық әдісіне деген қажеттілік те өсіп келеді және Jerry осы міндетті қосымша жүктеуді қажет етпей, қалалық инфрақұрылымның өзінде шешуге бағытталған.

Jerry қандай мүмкіндіктер ұсынады?

Jerry – қала туралы қажет ақпаратты дәл сол жерде алуға мүмкіндік беретін цифрлық көмекші. Ол пайдаланушының орналасқан жерін анықтап, сол нүктеден бастап бағытты анықтайды. Жақын маңдағы дәмханалар, дәріханалар, аялдамалар, оларға жету уақыты және жаяу немесе көлікпен жүру бағыттары QR-код арқылы көрсетіледі.

Жүйеде, сонымен қатар, авторлық туристік бағыттар, көрікті орындар топтамасы және билет сатып алу қызметіне сілтемесі бар қалалық іс-шаралар афишасы қарастырылған.

Фото: Citix

Қауіпсіздік мәселесіне де ерекше көңіл бөлінген. Смартбордта шұғыл қызметтерге хабарласуға арналған SOS батырмасы бар. Шетелдік туристерге құжаттарын жоғалтқан жағдайда қайда жүгіну, көмек алу жолдары және елшіліктер мен консулдықтардың байланыс деректері ұсынылады.

Бұдан бөлек, Jerry ауа райы болжамын және ауа сапасы туралы ақпаратты көрсетеді. Бұл мүмкіндік Air Initiative ұйымымен бірлесе жүзеге асырылған.

Жобаның мәдени мазмұнын CITIX пен Qalam Media бірлесіп әзірлеген «Алма-Ата – та, Алматы – этот» арнайы жобасы толықтырады: Енді смартборд экранынан қаланың ондаған жылдар бұрынғы келбетін көруге болады. Орталық мемлекеттік архивтен алынған тарихи фотосуреттер арнайы түсірілген заманауи көріністермен салыстырылып ұсынылған.

Бұл форматтың ерекшелігі неде?

Әлемнің түрлі қалаларында аталған қызметтердің жекелеген түрлері кездеседі. Ал ақылды қала сервистерін, туристік гид, қауіпсіздік жүйесін, экологиялық ақпаратты және мәдени мұраны үш тілде ұсынатын бірыңғай көше көмекшісі форматының өзіндік ерекшелігі бар.

Мұндағы басты айырмашылық – тек қызметтердің жиынтығында емес, жобаның экономикалық моделінде.

CITIX компаниясы Smart City және AdTech бағыттарының түйісінле жұмыс істеп, бұл модельді бірнеше жылдан бері дамытып келеді. Қалалардың тұрғындарына компанияның кең форматты Big Screens экрандары мен негізгі магистральдар бойында орналасқан Tom смартбордтары таныс. Оларда қалалық цифрлық қызметтер коммерциялық жарнама мүмкіндіктерімен қатар ұсынылады.

Жарнамадан түсетін табыс компанияның Smart City бағытындағы жеке әзірлемелерін енгізуге және дамытуға жұмсалады.

Jerry осы тұжырымдаманы жаяу жүргіншілер кеңістігіне бейімдеп, қала мен адам арасындағы тікелей цифрлық байланысты қалыптастырады. Яғни, пайдаланушы тоқтап, қала туралы сұрақтарына жауап ала алатын жаңа формат ұсынылған.

Бұл ретте қалалық сервистер жарнама қаражатының есебінен қаржыландырылады. Сондықтан Jerry жобасын іске қосу және оның қызметін қамтамасыз ету Алматы қаласының бюджетіне шығын келтірмейді.

Бұл жоба қалаға не береді?

Жобаның қалалық ортаға әсерін бірнеше бағыт бойынша бағалауға болады.

Туристерге Алматыда бағдар табу жеңілдейді. Қонақтар қаланы жергілікті тұрғындар секілді танып, өздеріне жақын орналасқан көрікті орындар, дәмханалар мен басқа да нысандар туралы ақпарат ала алады.

Бұған қоса Jerry гидіне жақын маңдағы шағын және орта бизнес нысандары енгізіледі. Бұл туристер ағынын жергілікті кәсіпкерлердің табысымен байланыстыруға, яғни туризмнің экономикалық тиімділігін нақты көшелер деңгейінде арттыруға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік қызметтері мен қолжетімді ақпарат шетелдік туристер үшін қаланың тартымдылығын арттырады.

Ал көшелерде заманауи цифрлық инфрақұрылымның пайда болуы Алматының технологиялық тұрғыдан дамыған қала ретіндегі имиджін нығайтады.

CITIX компаниясының бас директоры Гоцца Олигова жобаның негізгі мақсатын былай түсіндіреді:

«Технологиялар адамға нақты сәтте көмектескен кезде ғана жақындай түседі. Мысалы, қайда баруға болатынын белгісіз жағдайда, телефонның қуаты таусылғанда немесе шұғыл медициналық көмек қажет болғанда. Біз жарнама саласында дамытып жатқан технологиялар қалалық сервистерді бюджет қаражатынсыз қаржыландыруға мүмкіндік береді».

Қала өмірінде күн сайын көптеген сұрақ туындайды: қайда баруға болады, қажет жерге қалай жетуге болады, көмек керек болса, қайда жүгінген жөн? Енді осы сұрақтардың жауабын тура жаяу жүргіншілер жолынан табуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз