
Қазақстандық әнші Нұрлан Албанның ұлы Отан алдындағы әскери борышын өтеп, отбасына аман-есен оралды. Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Kursiv Media.
Әнші ұлының әскерден оралған сәтіне қатысты бейнежазба жариялап, көпшіліктен сүйінші сұрады.
«Сүйінші! Балам Отан алдында әскери борышын өтеп, аман-есен шаңыраққа оралды. Әскерде жүрген әр сарбаздың аман-сау отбасына оралуын шын ниетіммен тілеймін!» – деп жазды Нұрлан Албан.
Өнер иесі ұлының ел алдындағы міндетін абыроймен атқарып келгеніне қуанышын білдіріп, әскери қызметте жүрген барлық сарбаздың отбасына аман оралуына тілектестік білдірді.