
Қазақстандық театр және кино актері Аян Өтепберген Испанияда өткен X Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалінде «Үздік актер» жүлдесін жеңіп алды.
Астана қаласындағы Музыкалық жас көрермен театрының әртісі бұл марапатқа «Sicko» фильміндегі рөлі үшін ие болды. Оған Джек Тейлор атындағы арнайы жүлде табысталды.
Қазылар алқасы актердің кейіпкерді шынайы әрі нанымды сомдағанын атап өтті. Сондай-ақ оның драмалық көріністер мен юморды үйлестіре білу шеберлігіне жоғары баға берді.
Фестивальде «Sicko» картинасы жалпы үш марапатқа қол жеткізді. Фильм «Үздік толықметражды фильм» және «Үздік костюмдер» аталымдарында да жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, Isla Calavera халықаралық фантастикалық кинофестивалі жыл сайын Испанияның Канар аралдарында ұйымдастырылады. Биыл мерейтойлық оныншы фестиваль 6-15 қараша аралығында Тенерифе аралында өтті.
Оқи отырыңыз: «Ауру» фильмі цензураға ұшырады