Азамат Сатыбалды Еркебұлан Тоқтарға өміріндегі ең үлкен жетістігін көрсетті

Жарияланды 24 Қараша 2026 11:06

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/bul_mahabbat, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Танымал актер Азамат Сатыбалды өнердегі інісі Еркебұлан Тоқтарға өміріндегі ең үлкен жетістігін көрсетті.

Актер қаншалықты жұмысбасты болса да, жатар алдында кітап оқымай, жастыққа басын қоймайтынын айтты.

«Мына кітаптар – өте құнды кітаптар. Аз ғана данамен шыққан. Мұны мен кездейсоқ сатып алдым. Онда қазақтың фольклері, қара өлеңі, мақал-мәтелі, ертегілері, бәрі бар. Курстағы балалармен кітап оқып, жарысатынбыз. Үйге келген кезде бір парақ кітап оқымай ұйықтамаймын», – деді Азамат Сатыбалды.

Сонымен қатар, актердің өнерде алған марапаттары бір қабырғаға толы. Азамат Сатыбалды осы марапаттардың ішінде өзі үшін ең құндыларын атап көрсетті.  

«Мынау менің жетістіктерім. Алған шағын мүсіндерім. Маған ең қымбат марапат – Асанәлі Әшімовтің «Үздік кино актер дипломы». Мен үшін үлкен мәртебе. Мынаны Мәскеудегі халықаралық фестивальда алдым. Өнерде жүргеніме 20-25 жыл болып қалды. Осы уақыт ішінде 17 рет жылдың үздік актері болдым. Сыншылар таңдауында «Ең үздік ер адам рөлін» биыл алдым.

«Өнерге өмірін арнаған адамның марапаттары осындай болады», – деді Еркебұлан Тоқтар.

«Қазір біз киноны ақшамен өлшейтін болдық. Киноны біз оның ғұмырының ұзақтығымен өлшеуіміз керек. Қаншалықты ұзақ өмір сүрсе, мықты кино деген сөз», – деді Азамат Сатыбалды.

Айта кететін жайт, Азамат Сатыбалды 28 жасында салған төрт қабатты үйін көрсеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз