Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы "5-арна" телеарнасының жаңалықтар бөлімінде тілші болып бастады. Облыстық "Saryarqa" арнасында диктор, тілші, бағдарлама редакторы, республикалық 7-арнаның Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі ретінде қызмет атқарды. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. «Курсив» ақпараттық агенттігінде 2024 жылдың наурыз айынан бері істейді.