2024 жылы инфляция 8,6% болғанда БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табысы 17,84%-ды құраған. Бұл туралы зейнетақы қоры жариялаған құжатта жазылған. Мемлекеттік және халықаралық қаржы ұйымындағы құнды қағаздар БЖЗҚ-ның зейнетақы активі портфеліндегі негізгі үлесті Қаржы министрлігінің мемлекеттік құнды қағаздары иеленеді. Олардың есептік айдағы құны 299,55 млрд теңгеге ұлғайып, 9 317,68 млрд теңгені құрады.…