Девальвация сөзбе-сөз аударғанда ұлттық валютаның басқа елдердің төл ақшаларына қатысты құнсыздануы. Жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысына дейін бұл сөздің мағынасы қазіргідей емес, мүлде басқа болатын. Яғни «алтын стандарт» деп аталатын термин болды. Бұл тұста кез келген елдің үкіметі ақшаның құнын алтынмен өлшейтін. Кейін ақша реформасы басталды. Осылайша аталған терминнің мағынасы өзгере…