«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры былтырғы 38,6 млрд теңге таза пайдасының 70 пайызын жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингіне дивиденд ретінде төлемек. 2023 жыл үшін төленетін 27 млрд теңге дивиденд 2022 жылғы көрсеткіштен 2 есе көп. Акционердің шешімі Қазақстан қор биржасында орналастырылған. Акционер қордың 2023 жылғы таза пайдасын 38,6 млрд…