2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстан экономикасына 4,4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сай, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,7%-ға көп. Қаңтар-ақпан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі азайған еді. Инвестицияның басым бөлігі – 66,2%-ы – жеке компаниялардың өз қаржысы. Бірақ былтыр бұл көрсеткіш 76,3% болған.…