Үкімет комиссиясы «Жомарт» кен орнында жеті кеншінің қазасына себеп болған апатқа толықтай «Қазақмыс» корпорациясы кінәлі деп шешті. Қазақстан премьер-министрі Олжаc Бектенов депутат сауалына жауап берген уақытта осылай деп мәлімдеген. Үкімет басшысының мәліметінше, 17 ақпанда Ұлытау облысындағы «Жомарт» кен орнында пайдалы кен өндіру кезінде жер қыртысының құрылымы өзгеріп, шахталар мен туннельдердің…