Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Shell мұнай компаниясы Қазақстанға инвестиция салуды доғарады деген мәліметті жоққа шығарды. Қазақстаннан ешкім кетпейді Бұған дейін Shell компаниясының бас директоры Ваэль Саван компания Қазақстанға инвестиция құюды уақытша тоқтатады деп мәлімдеген. 27 ақпанда Ақордада журналистермен тілдескен министр Ерлан Ақкенженов ағылшын компаниясы төңірегіндегі жағдайды түсіндірді. «Біз компанияға сауал жолдадық. Өткен…