Әлемдегі ірі криптобиржалардың бірі Bittrex Global өзінің қызметін біржола тоқтату туралы шешім қабылдады. «Қызметтің тоқтауына байланысты 4 желтоқсаннан бастап клиенттер өз активтерін шығарып ала алады», – деп жазды биржа сайтында. Bittrex Global клиенттері активтерін тікелей долларда шығара алмайды. Егер олардың баланстары долларда болса, оны 4 желтоқсанға дейін еуроға немесе криптовалютаға…