2024 жылдың 9 айында мемлекеттік бюджетке қаржы Үкіметтің жоспарынан кем түскен. Үкіметте есеп берген Қаржы министрі Мәди Такиев оған негізі үш себеп бар екенін айтады. Министрдің айтуынша, 9 айда мемлекеттік бюджетке 14,97 трлн теңге кіріс кірсе, соның 4,5 трлн теңгесі – трансферт. Ал републикалық бюджетке түскен түсім 9,7 трлн теңгеде…