8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында нәзікжандылардың тек үй мен кеңсе ғана емес, ауыр өндіріс саласында да ерлермен тең еңбек етіп жүргенін жиі еске аламыз. Солардың бірі – ауыр техниканы тізгіндеп, биікте жауапты жұмыс атқаратын кран жүргізушісі Мадина Бекетаева. Жезқазғандағы өндіріс орындарында ширек ғасырға жуық уақыт еңбек еткен ол…