Қазақстанда кәсіби спорт клубтарын, әсіресе футбол командаларын мемлекеттік бюджет есебінен шектен тыс қаржыландыру мәселесіне шектеу қойылады. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, Үкімет ойын түрлеріне арналған клубтарды қаржыландыруға нақты лимиттер белгілеу мәселесін қарастыруда. Бұл бастама – мемлекет қаржысын тиімді әрі әділ пайдалану мақсатында қолға алынған.…