2025 жылы қазақстандық кино тарихында алғаш рет футболға арналған «90+1» атты фильм көрермендерге жол тартпақ. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау орталығы хабарлады. Туынды жас футболшының арман жолындағы қиындықтарды жеңу тарихын баяндайды. Басты кейіпкер жас кезінен отбасының тірегіне айналып, өмірдің ауыр сынақтарынан өтеді. Өмірдегі қиын жағдайларға қарамастан, мақсатына жету үшін күреседі.…