Алматы қаласында ашық аспан астында отандық фильмдерді тегін көрсету жобасы басталды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. Фильмдер көрсетілімі мегаполистің сегіз ауданында аптасына бір рет өткізіліп отырады. Нақты мекенжайлар әзірге жарияланған жоқ. Жобаның басты мақсаты – қала тұрғындарын қазақстандық кино өнерінің үздік туындыларымен таныстыру, сондай-ақ отандық кинематографияны насихаттау. «Бұл жай ғана…