Қазақ эстрадасындағы ең танымал әндердің бірі – «Аяулым» жаңа форматта тыңдарманға жол тартты. Бұл жолы әнді Бауыржан Исаев Қайрат Нұртаспен бірге орындап, туынды «Қызым» көркем фильміне саундтрек ретінде ұсынылды. Классика және авторлар тарихы «Аяулым» әнінің музыкасын Төлеген Мұхамеджанов, сөзін Шөмішбай Сариев жазған. Туынды алғаш рет 2001 жылы Бауыржан Исаевтың орындауында…