Ақтау гарнизонында қызмет етіп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери бөлім қабырғаларын батырлар мен хандардың суретіне толтырды. Батальон командирлері сарбаз туындыларын жоғары бағалады. Теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында борышын өтеп жүрген Бақдәулет сурет салуды бала кезден ұнатады. Арнайы білімі жоқ, бірақ оның шығармалары асқар шеберлікпен дайындалған. Төрт ай бұрын Атыраудан Әскери-теңіз…