Мемлекеттік бюджеттен шетелдік спортшыларға, яғни легионерлерге қаражат бөлінбейтін болды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы хабарлады. Депутаттың айтуынша, легионерлерге қаражат бермеу үшін тиісті заңдық норманы Үкімет қолдады. Сонымен қатар 180 спорт түрі қысқартылмақ. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау…