Қазақстан киногерлері сала басшылығының заңсыз әрекеттерін тию үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдады. Ашық хат мәтінін 2 қарашада Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясының алдына жиналған сала өкілдері оқыды. Үндеу жасауға жиналған киногерлер бұл қадамға амалдары таусылғандықтан барып отырғандарын айтты. «Үкімет пен «Қазақфильмнің» кино ісіне жауапты шенеуніктердің бассыздығы мен біліксіздігі және жауапкершіліксіздігі…