Қазақстандық спортшы Бибісара Асаубаева Грузия астанасы Тбилисидегі шахматтан гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы соңғы турда үндістандық Вейшали Рамешбабумен тең түсіп, ұпай санын 5,5-ке жеткізген. Асаубаевамен қатар келе жатқан польшалық Алина Кашлинска қарсыласы Мария Музычуктен басым түсіп, 6 ұпай жинаған. Осылайша польшалық шахматшы алтын,…