Үкімет «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасын әзірлеген. Оған сәйкес, Қазақстанның жылу электр станцияларын, электр станциялары мен электр желілерін жаңғыртуға қажетті сома Ұлттық қор мен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» алынуы мүмкін. Бұл жайлы «Ашық НҚА» порталына орналастырылған Үкімет қаулысында жазылған.
«Ұлттық қаржыландыру жобасы шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері мен электр энергиясын генерациялау кәсіпорындары тарифті кезең-кезеңмен арттыру есебінен сыйақының 10%-ын өтеуді қамтамасыз етеді деп көзделеді, сыйақы мөлшерлемесінің қалған бөлігі (тариф есебінен өтелетін ТМС-ның 10%-нан асатын айырма) республикалық бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаржы операторына субсидиялар беру арқылы тікелей нысаналы трансферттермен толықтырылатын болады», – делінген...