Конституциялық сот төрелік туралы заңнаманы одан әрі жетілдіруді ұсынды. Бұған К. есімді қазақстандықтың өтініші ықпал еткен.
«Конституциялық cот азаматтың «Төрелік туралы» Заңның 52-бабы 3-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарап, көрсетілген норманы Конституцияға сәйкес деп таныды», – деп жазылған хабарламада.
Алайда осы тұста Конституциялық cот бұл заң нормасының заңдық дәлдігі мен болжамдылығына қатысты құқықтық актілерге қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаған. Конституциялық бақылау органы өзінің қорытынды шешімінде заңдардың нормалары жеткілікті дәрежеде айқындалмағанын растады. Яғни мұндай құжаттарда азаматтардың заңды өз бетінше түсіндіру мүмкіндігін болдырмауы керек.
«Ол түсінікті өлшемдерге негізделуі тиіс. Осыған...