Экономистер ЖИ төңірегіндегі дүрбелеңді тағы да «доткомдар көпіршігімен» салыстырып жатыр. АҚШ-та экономиканың алғышартты индикаторлары күтілгеннен де қатты төмендеді. Ал банктердің акциялары Дональд Трамптың сайлауда жеңіске жету ықтималдығынан туындаған оптимизмнен кейін өсе түсті.
«ЖИ көпіршігі» «доткомдар көпіршігінен» де нашар болуы мүмкін
Goldman Sachs өкілі Джим Ковелло, Citadel компаниясының өкілі Кен Гриффен және нарық стратегі Эд Ярденни «ЖИ көпіршігі» «доткомдар көпіршігінен» де нашар болуы мүмкін екенін ескертті деп жазды Market Watch. Олар 2000 жылы интернет көпіршігінің шыңындағы компаниялардың табыстарын және 2024 жылы ЖИ-мен байланысты компаниялардың табыстарын салыстырды.
Профессор Джеффри Фанктың зерттеу нәтижелері бойынша, 2000 жылы интернет индустриясы 1,5 трлн доллардан...