Терең қаржы дағдарысына ұшыраған Nissan 20 мың жұмысшыны қысқартып, зауыттарын жабуға көшті. Сарапшылар жапон автокомпаниясы бәсекеге төтеп бере алмады деп есептейді. Дағдарыстан шығар жол бар ма?
Nissan көрсеткіштері төмен
Шамамен бір ғасыр бұрын құрылған компания ауыр кезеңді өткеріп жатыр. 2024 қаржы жылы оның әлемдегі саудасы 2,8%-ға төмендеді. Басқа да қаржы көрсеткіштері сын көтермейді. Соған байланысты жапон компаниясы қайта құрылымдау жоспарын жариялады. Енді ол зауыттарын жауып, 20 мың жұмысшыны қысқартуға мәжбүр. Себебі шығын өсіп барады. Nissan 2024 жылы 670,9 млрд иен (4,5 млрд доллар) шығынға ұшыраған.
Bloomberg мәліметінше, жапон компаниясы 2027 жылға қарай жеті кәсіпорынын жабуды көздеп...