Astana International Exchange (AIX) биржасындағы жыл басынан бері сауда айналымы 1 млрд доллардан асты. Бұл көрсеткіш AIX-тің жалпы сауда көлемін 2 млрд долларға жеткізді.
Егер алғашқы миллиард долларлық белеске жету үшін биржаға бес жыл қажет болса, екінші миллиард доллар айналымы 10 ай ішінде қалыптасқан.
Сауда көлемінің қарқынды өсуі жергілікті нарық қатысушыларының белсенділігіне, шетелдік жеке және институционалдық инвесторлардың сандық артуына байланысты болған.
Сонымен қатар құнды қағаздар қатарының артуы да сауда көлемінің күрт өсуіне ықпал етті. Қазіргі кезде биржада 230 құнды қағаз саудаланып жатыр, оның ішінде 100-і тек 2024 жылы тіркелген. AIX басқарма төрайымы Әсел Мұқажанова: «Біз болашақ дамуға...