Семей полигонында ядролық сынақтар кезінде әскери борышын өтеген қазақстандық «атом сарбаздары» Қазақстан Президентіне үндеу жолдады. Өздерінің айтуынша, радиция өтінде әскери борышын өтеген сол кездегі жауынгерлер бүгін егде тартқан шағында әлеуметтік жәрдемнен құр қалған. Ешқандай мәртебесі жоқ.
Атом ардагерлерінің сөзіне қарағанда, қазақстандық атом сарбаздары елде саусақпен санарлық қана. Дені радиация салдарынан өмірден ерте өткен. Көзі тірілері ұзақ уақыттан бері денсаулығынан айырылған. Тіпті атом зардабын бала-шағасы мен немере-шөберелері де тартып отыр.
«Біз ядролық сынақ кезінде қызмет еткен атом сарбаздарымыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ресми мәлімдеме жасаймыз. Ардагерлер туралы заңға түзету енгізуді талап етеміз. Атом сарбаздары және олардың отбасы мүшелер...