Түркия әуежайларында қауіптің орта деңгейдегі қызғылт сары түсін жариялады. Қазір әуежайларда жаппай тексеру жұмыстары басталған.
Hürriyet басылымының ақпаратына сүйенсек, тексеру жұмыстары, әсіресе, Ыстанбұлдағы жаңа халықаралық әуежай мен Сабиха Гекчен әуежайында күшейтілген. Басылым тексеру жұмыстарының басталуына Анкара маңындағы әскери нысанға жасалған шабуыл себеп болғанын жазады.
Әуежайларға кіру-шығу жолдарында әрбір транспортта тінту жұмыстары жүреді. Жолаушылардың жеке заттары тексеріліп, жеке бас мәліметтері қарала бастаған.
Сабиха Гекчен атындағы әуежайдың таратқан хабарламасына сәйкес, жолаушыларға рейстердің уақытында ұшып, оған кешігу факторы болмас үшін әуежайға ұшудан үш сағат бұрын келу ұсынылған.
Ыстанбұлдағы куәгерлердің айтуынша, кеше кешкі уақытта қалада әскери адамдардың жүргенін көрген. Теракт болғаны туралы хабардан кейін...